Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа тақады. Нақтырақ айтсақ, соңғы бес жылдан бері қарттық мерзім ұзарып келеді. Ал адамдардың ерте жаста қайтыс болуы 9,2 % азайған. Бұл деректер ел тұрғындарының денсаулығына көңіл бөлініп, өмір сүру сапасының жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Тағы бір себебі - ауруды анықтауда замануи технологиялар қолданылады. Ең бастысы қалада ғана емес, ауылдың өзінде медициналық қызмет қолжетімді. Мәселен, биылдан бастап Павлодар облысында мектеп медицинасын жаңарту бойынша жаңа стандарт еңгізілді. Оқушыларды алдын-ала тексеруден өткізу цифрландырылып, жаңа диагностикалық жабдықтар сатып алынды. Мектептерде жұмыс істейтін 300-ге тарта маман қысқа мерзімдік курстан өтті.
Альфия Мұқажанова, №5 қалалық емхананың мектепке дейінгі бөлімшесінің меңгерушісі:
Зертханалық мәліметтер мен салалық мамандардың берген дәрігерлік кеңестері бірегей медициналық ақпараттар базасына түседі. Оны дәрігер ғана емес, оқушының ата-анасы да бірден көреді. Ұялы телефоны арқылы. Осының бәрі дені сау ұрпақ өсіру үшін жасалып жатыр. Бұл адамдардың ұзақ өмір сүруіне ерекше ықпал етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы