Конституция – тәуелсіздік тірегі
Тәуелсіз мемлекеттің басты құндылықтарының бірі – жерінің тұтастығы мен шекарасының беріктігі.
Қазақстан Конституциясы ел аумағының бөлінбейтінін және оған қол сұғуға жол берілмейтінін айқындап берді. Сонымен қатар Ата Заң мемлекеттің саяси-құқықтық негізін қалыптастырып, елдің болашақ даму бағдарын белгіледі. Бүгінгі күні түрлі салада ауқымды өзгерістер қолға алынып, саяси реформалар жүзеге асуда. Петропавл қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Жанат Мұхамеджанов бұл өзгерістердің барлығы еліміздің дамуына оң әсер ететініне сенімді.
Жанат Мұхамеджанов, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:
Халық кеңесінің құрылуы, біздің ана тілімізге тән Құрылтай, Парламенттің Құрылтай болып өзгеруі, жаңадан мәслихаттар сайлауы өтейін деп жатыр. Ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Бұл реформалар біздің халықтың әл-ауқатын және экономикалық дамуымызды айқындайды деп есептеймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы