Масылдық сана – қоғам дамуына кедергі
Қоғамның дамуы тек мемлекеттің қолдауымен емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі мен еңбекке деген көзқарасына да байланысты.
Бұл пікірді Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылының тұрғыны Руслан Растенов те қолдайды. Туа біткен диагнозына қарамастан, ол мектепте мұғалім болып еңбек етеді. Сонымен қатар облыстық паралимпиадалық құрама сапында өнер көрсеткен. Русланның пікірінше, мемлекет көмегіне ғана иек артып, өз мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылмау – масылдық көзқарастың көрінісі. Ол денсаулығына қарамастан, еңбек етіп, жетістікке жету арқылы өзгелерге үлгі болуды мақсат етеді.
Руслан Растенов, мұғалім:
Мемлекет жасап отырған мүмкіндіктерді толық пайдалана алмайтын адамдар масылдық санаға бейім деп ойлаймын. Елімізде әлеуметтік төлемдер түрі көп. Мәселен, кеңес үкіметі кезінде жұмыс істейтін адамдар мүгедектік бойынша берілетін әлеуметтік төлемнен қағылатын. Ал бізде шектеу жоқ. Кез келген адам жұмыс істеп, кәсіп ашып, өз жағдайын жасай алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы