Басты Жаңалықтар БҚО-да «Заң мен тәртіп» аясында студенттер дәріс тыңдады

БҚО-да «Заң мен тәртіп» аясында студенттер дәріс тыңдады

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық». Осындай тақырыпта Оралда мемлекеттік қызметкерлер 600 студентке дәріс оқыды.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған кездесу Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті. Дәріс берушілер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қоғамда адалдық пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру туралы сөз қозғады. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда әр азаматтың ұстанымы маңызды. Бұл ретте Мемлекет басшысының “Адал азамат” қағидасын басшылыққа алуымыз қажет дейді мемлекеттік қызметкерлер. Іс-шарада студенттер де сауалдарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етпек.

Дәурен Хайыров, мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары:

Әр іс-әрекетімізде өмірімізде адалдық принциптерін дәріптеуге ұмтылуымыз қажеттігі туралы ақпарат берілді. Соның ішінде студенттер оқу процесінде әрқашан академиялық адалдық принципін ұстану, бағаларын шынайы алу сияқты мінез-құлық стандарттары түсіндірілді.

Райхан Амангелдиева, студент:

Мұндай кездесулердің маңызы өте зор. Себебі біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруымыз қажет. Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырады.

Бөлісу