Басты Жаңалықтар ІІМ автокөлік алаяқтарын ұстады

ІІМ автокөлік алаяқтарын ұстады

Ішкі істер министрлігі кепілде тұрған автокөліктерді шетелге шығарып, қайта сатқан қылмыстық топтың жолын кесті. Күдіктілер көліктерді банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жалған тұлғалардың атына кепілге рәсімдеген. Алдын ала дерек бойынша, осындай жолмен шетелге 56 автокөлік шығарылған. Операция еліміздің 10 өңірінде қатар жүргізілді. Нәтижесінде 48 адам полицияға жеткізіліп, олардың алтауы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір шетелге шығарылған көліктер іздестіріліп жатыр.

Бөлісу