Елімізде алғаш рет Құзыреттілік орталығы ашылды
Бүгін Таразда еліміз бойынша алғаш рет Құзыреттілік орталығы ашылды. Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша жұмысын бастаған мекеме облыстық көпбейінді аурухана ішінде орналасқан.
Ең қажетті 8 маманнан тұратын топ созылмалы және сирек кездесетін яғни орфандық ауруларға шалдыққандарды қабылдайды. Күніне 150 науқасқа ем-шара жасалады. Мұнда кардиолог, невропатолог, эндокринолог және гастроэнтеролог секілді тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Қан тамырлары хирургиясы, диабетикалық табан кабинеттері мен аритмология бөлімі де бар. Кешенде ішек жолдары мен жүйке жүйесі ауыратындар да емделе алады. Жалпы жобаға қаралған 200 млн теңге құрылыс жұмысы мен жаңа жабдықтарға жұмсалған.
Марат Жаманқұлов, облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері:
Телемедициналық қызмет бар бұл жерде. Яғни байланысқа шыға алады бұл орталықтан, шалғай жатқан ауылдарға. Пациенттерге кеңес бере алады. Яғни пациент бір жерге келеді. Бір маманнан көрінеді. Бір жерден керекті зерттеудерді өтеді. Бір жерден диагноз алып шығады.
Медицина сапасын жақсарту үшін ашылған орталықта қант диабетімен ауыратындарға ерекше көңіл бөлінген. Өйткені бұл ауру түрін асқындырып алмау керек. Сондықтан мамандар табан диабеті барлардың аяғын ампутациялауға жол бермеу үшін күш салады.
Арайлым Демекова, гематология бөлімінің меңгерушісі:
Қандай өзгеріс болатын болса, бізде мелограмма деп аталады. Сол анализді біз осы орталықта жасап анализін анықтап ертеңінде науқасқа диагноз қоя аламыз. Цифрлы зертханалық микроскоп алдық. Бұрында лаборант дәрігерлер микроскоп арқылы көретін болса. Қазіргі таңда осы микроскоп экран арқылы да көрсетіледі. Соған байланысты дәрігердердің артықшылығы осы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы