Көлік жуу орындарын бақылау қатаңдатылады
Елімізде көлік жуу орындарына бақылау күшейтіледі. Енді мұндай нысандарға суды қайта пайдалану жүйесін орнату және су тұтынуды бақылау қатаңдатылмақ. Қолданыстағы талаптарға сәйкес олар суды қайта пайдалану жүйесін орнатуға міндетті. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов мәлімдеді. Оның айтуынша, ведомство кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заңнамаға өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Вице-министр су инфрақұрылымын жаңғырту мәселесіне де тоқталды.
Жандос Сәлімов, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:
2030 жылға дейінгі тұжырымдамаға сәйкес 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасы мен 110 гидротехникалық құрылысты реконструкциялау, 14500 километр каналды оның ішінде 3500 км каналды цифрландыру элементтерін енгізу арқылы жаңғырту жұмыстары жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы