Басты Жаңалықтар Кассациялық сотқа түсетін істер 3,5 есе көбейген

Кассациялық сотқа түсетін істер 3,5 есе көбейген

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот құрылғалы 2 мыңнан астам істі қараған. Бір жарым жыл бұрын жұмыс бастаған құзырлы орган 3 мыңнан астам адамның шағымын қабылдап, әр төртінші іске түзету енгізген. Былтыр жәбірленушілер мен сотталғандар, адвокаттардан 499 өтінім түссе, биыл 10 айдың ішінде бұл сан 3 жарым есе артқан. Жыл басынан бері 139 іс бойынша актілердің күші жойылып, 327 іс өзгертілген. Қаңтар-қазан айлары аралығында 12 адам ақталып шыққан. Кассациялық сот төрағасының айтуынша, сот барысында өрескел қателік жіберген судьялар жауапқа тартылады. Сондай-ақ Ақан Жұмағұлов жақында ғана «Төрелік» ақпараттық жүйесі іске қосылғанын жеткізді. Сайт қабылданған құжаттарды шағымданушымен қатар, прокурор мен судьяға қатар жолдайды.  Қазір мұнда азаматтардан түскен істерді 16 судья қарайды. Сот штатында барлығы 30 судья лауазымы болса, оның оны бос тұр.

Ақан Жұмағұлов, қылмыстық істер жқніндегі кассациялық сот төрағасы:

Азаматтардың кассациялық соттың маңыздылығын түсініп, жаппай кассацияның бар екендігін, қоғамға жеткеннен кейін барып, төменгі сатыдағы шешімдермен келіспеген жағдайда бізге шағымданудың нәтижесі. Егер де өрескел қателіктер жіберген жағдайда біз оған қаулы шығарып, жауапкершілігін қарау мәселесін қарастырады, Сот жюриі.

Бөлісу