Басты Жаңалықтар Конгода эбола жұқтырғандар 11 мыңнан асты

Конгода эбола жұқтырғандар 11 мыңнан асты

Конго Демократиялық Республикасында эбола вирусын жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты. Науқастардың жартысына жуығы қайтыс болған. 3 мың адам індеттен айығып шықты. Мамыр айының ортасында тараған вирус елдің 8 провинциясында тіркелген. Жұқпалы аурудың таралуын тоқтатуды елдегі қарулы қақтығыс, денсаулық сақтау жүйесіне түскен салмақ қиындатып отыр. Вирустың сирек кездесетін «Бундибугио» штамына қарсы вакцина да, емдейтін дәрі де жоқ.

Бөлісу