Басты Жаңалықтар Нью-Йоркте ғимарат құлап, адамдар қаза тапты

Нью-Йоркте ғимарат құлап, адамдар қаза тапты

Нью-Йорктің Бруклин ауданында үш қабатты ғимарат құлап, 2 адам қаза тапты. 17 адам жараланған. Олардың 7-і бала. Зардап шеккендердің 4-і ауыр халде. Құлаған ғимарат құрылыс алаңында орналасқан. Апат болған сәтте оқиға орнында қазба жұмыстары жүріп жатқан. Үйінді астында адамдар қалып қоюы мүмкін. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, кинологтар мен дрондар тартылған.

Бөлісу