Басты Жаңалықтар Халықтың өмір сүру сапасы жақсарады

Халықтың өмір сүру сапасы жақсарады

Жолдаудағы ауқымды бастамалар елдегі инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік қолдауды күшейту және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Бүгін Түркістан жұртшылығымен кездескен Құрылтай депутаты Дихан Қамзабекұлы мен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Жолдауда көтерілген өзекті мәселелерге тоқталып,  ондағы тапсырмалардың міндет-мақсатын түсіндіріп өтті. Дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан елімізде 70 денсаулық сақтау объектісі және 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет объектілері салынатынын атап өтті. Жиын соңында өңірдегі өзекті мәселелер бойынша азаматтардың пікірлерін тыңдап, мемлекеттік деңгейде шешуді талап ететін ұсыныстарды назарға алды.

Дихан Қамзабекұлы, Құрылтай депутаты:

Негізгі мәселе - әрине қоғамның барлығы Президент айтқандай береке-бірлікпен орнайды. Бүгінгі қорытынды сол. Ал енді халық тарапынан әлеуметтік мәселелер бар - балабақша, мектеп, үйлер, содан кейінгі жол мәселесіне байланысты сұрақтар. Ауылдың арасы деген ұсыныстар бар, айтқан ұсыныстарын,  бізге берген аманаттарын жеткіземіз.

Мұнан соң Халықаралық қазақ-түрік университетінде жастармен кездесіп, азаматтық бастамаларға қатысу, ғылым, кәсіпкерлік және жастардың мүмкіндіктері жайын сөз етті. Әлеуметтік жауапкершілік және жас буынның өңір дамуына қосар үлесі  айтылды. Ел дамуының маңызды бағыттарын ортаға салып, қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Арсен Маққан, студент:

Президенттің Жолдауында маған ең ұнаған тұсы – «Кітап оқитын ұлт» жобасын қалыптастыруда. Бұл жалпы жастарға, осы студенттерге, білім алушыларға өте маңызы зор деп білемін. Және де Президент Жолдауындағы әсіресе осы ғылым саласы, білім саласындағы өзгерістерді қалыптастырамыз. Біз де атсалысамыз деген үміттемін.

Бөлісу