Жастар экологиялық мәселелерге үн қосты
Жетісу жастары өңірдің тазалығын жақсартуға бағытталған тың жобаларын ұсынып, сайысқа түсті. Байқауда колледж студенттерінен құралған 12 команда бақ сынады. Жастар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жасыл желекке күтім жасау, ауыз суды үнемдеу мәселелеріне басымдық берді. Команда өкілдері өз жобаларының тиімділігі мен оны жүзеге асыру жолдарын таныстырды. Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға серпін береді.
Арнай Байжұрынов, облыстық «Jetisy Jastary» жастар ресурстық орталығының директоры:
Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында осы қоғамдағы, еліміздегі, жеріміздегі экологиялық проблемалардың шешімін табу барысында жобалар ұсынады. Яғни, ол қандай жобалар? Қоқыс тастау, қоқысты қайта өңдеу, бір шетінен қоғамды, жастарды, қоршаған ортаны, халықты экологиялық мәдениетке шақыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы