Басты Жаңалықтар Абдолла Қарсақбаев – қазақ киносының құлагері

Абдолла Қарсақбаев – қазақ киносының құлагері

 Қазақ киносының алтын қорына енген «Менің атым Қожа» фильмін түсірген әйгілі режиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына биыл – 100 жыл. Осыған орай Алматыдағы Ұлттық орталық музейінде «Абдолла Қарсақбаев – қазақ киносының құлагері» атты көрме ұйымдастырылды. Мерейтойлық шара ЮНЕСКО аясында аталып өтіп, режиссердің өмірі мен шығармашылығына арналды.Абдолла Қарсақбаевтың фильмдері – қазақтың тарихы мен салт-дәстүрін, ұлттық болмысы мен тәлім-тәрбиесін танытатын құнды мұра. Әсіресе, режиссердің «Менің атым Қожа» туындысы қазақ киносының шекарасын кеңейтіп, халықаралық деңгейде танылды. Көрмеге режиссердің өмір жолы мен шығармашылығын таныстыратын фотосуреттер мен деректі материалдар қойылды.

Майра Қарсақбаева, Абдолла Қарсақбаевтың келіні:

Абдолла Қарсақбаевтың киноларын көре отырып қазақ тарихының, қазақтың дәстүрінің видео энциклопедиясын көруге болады. Қазақтың дәстүрін бергіңіз келсе Абдолла Қарсақбаевтың сегіз киносын көріңдер деп айта аламын мен балаларға. Бұл видео энциклопедия. Сезінуін, қарым-қатынастарын мұғалімдердің, балалардың тәлім-тәрбиесі. Атаға, әжеге қарым-қатынасы мысалы Қожаның.

Бөлісу