Басты Жаңалықтар Астанада Ақаба процесінің саммиті өтті

Астанада Ақаба процесінің саммиті өтті

Астанада Ақаба процессінің саммиті өтті. Биылғы жиын «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбына арналған. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн және Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері қатысты. Сонымен қатар Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері мен Қырғызстан Сыртқы істер министрі және басқа да ресми тұлғалар келген. Ақаба процесі – Иордания Королі 2015 жылы көтерген халықаралық бастама. Негізгі мақсаты – терроризм мен экстремизмге қарсы күресте елдердің күш-жігерін біріктіру. Осы алаңда ортақ қауіп-қатерлер талқыланып, оларға қарсы іс-қимыл шаралары үйлестіріледі.

Бөлісу