Шамадан тыс субсидиялау: Экономикаға салдары қандай?
Шамадан тыс субсидиялау масылдыққа әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар экономикаға теріс әсер етеді. Саладағы сарапшылар осындай пікірде.
Мемлекеттік субсидия – экономиканы қолдаудың маңызды тетігі. Алайда қаржылай көмектің шамадан тыс бөлінуі бюджетке салмақ түсіріп, кәсіпорындардың мемлекетке тәуелділігін арттыруы мүмкін. Әсіресе ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласында бұл мәселе өзекті. Субсидияның негізгі мақсаты – кәсіпорынның дамуына жағдай жасау. Бірақ өндіруші үнемі мемлекет көмегіне сүйенсе, өз өндірісін жетілдіруге деген ынтасы төмендейді. Бұл тіпті жемқорлық фактілеріне дейін ұласуы мүмкін,- дейді мамандар.
Сайфолла Сапанов, сарапшы:
Сонымен бірге бұл жерде мәселе мына масылдық психологияға алып келеді. Себебі өндірушілер өндірісте мысалы үкіметтен көмек күтіп отырады. Оның тауарлары нарықта өтпей тұрса да билік оны сақтап қалуға тырысады субсидия арқылы. Сондықтан да бұл әрине нарықтағы бәсекелестікті төмендетеді. Мұны шектеу керек. Алып тастамау керек. Бұл нарықтың заңы. Бірақ шектеу керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы