Басты Жаңалықтар Деректер орталығының қуатын 1 гВт-қа жеткізу жоспарланып отыр

Деректер орталығының қуатын 1 гВт-қа жеткізу жоспарланып отыр

2029 жылға қарай Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» жалпы қуатын 1 ГВт-қа жеткізу жоспарланып отыр.Бұл туралы бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.  Жиында құрылыс жұмыстарының барысы, жобаны кеңейту және инвестиция тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берілді. Орталық– қазақстандық экспортқа елеулі серпін бере алатын технологиялық және ірі экономикалық жоба. Кей-Пи-Эм-Джи халықаралық агенттігінің бағалауынша оның жыл сайынғы экспорттық кірісі 3,1 млрд долларға жетуі мүмкін. Жобаның бірінші кезеңінде жалпы қуаты 304 МВт болатын үш деректерді өңдеу орталығын құру қарастырылған. Алғашқысы 2027 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Жиында орталықты энергетикалық қуатпен және инженерлік инфрақұрылыммен қамту жайы да сөз болды. Үкімет басшысы жауаптыларға белгіленген мерзімде уақтылы аяқтап, құрылыс жұмыстарын сапалы жүзеге асыруды міндеттеді.

Бөлісу