АҚШ технологиялық компанияларының акциялары құлдырады
АҚШ Конгресінде өткен сайлауда Демократиялық партия
жеңгеннен кейін әлемнің қор нарықтарында жоғары технологиялық компаниялардың
акциялары құлдырады. Олар триллиондаған доллар жоғалтқан. Инвесторлар болса,
демократтар жасанды интеллектке бақылауды күшейтіп, оның дамуын тежейді деп
алаңдап отыр. Демократиялық партиядан шыққан кандидаттардың көбі сайлауалды
науқанда дата-орталықтарының құрылысын және жасанды интеллект дамуын тежеуге
уәде берген еді. Олардың пікірінше, бұл сала тым жылдам әрі бақылаусыз дамып
жатыр. Салдарынан миллиардер Илон Масктің SpaceX пен Tesla компанияларының акциялары 300
млрд долларға құлдыраған. Әсіресе, чип және жартылай өткізгіштер шығаратын
фирмалар шығынға батты. Nvidia компаниясы 400
млрд долларға арзандап кеткен. Азияның қор биржасының индекстері де төмендеп
жатыр. Оңтүстік Кореялық Kospi
8,5 пайызға, Жапониялық «Nikkei 225» 6 пайызға арзандаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы