Президет Жолдауы – жаңа мүмкіндіктер бастауы
Петропавл қаласында Президет Жолдауында айтылған мәселелер талқыланды.
Депутаттар мен түрлі министрліктердің өкілдері еңбек ұжымдарымен жүздесті. Соның бірі – бір ғасырға жуық тарихы бар Киров атындағы зауыт жұмысшылары. Еңбек адамдары маңызды құжаттан үлкен нәтиже күтетіндерін атап өтті. Сонымен қатар, дәрігерлермен кездесу ұйымдастырылды. Жиында жолдауда айтылған әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту, медициналық мекемелерді салу және жөндеу, оңалту орталықтарын дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Кәрімжан Исахов, Шал ақын аудандық ауруханасы директорының м.а.:
Медициналық ғимараттарды жаңарту – қазіргі таңда өте өзекті мәселенің бірі болып отыр. Президентіміздің жолдауының арқасында, бізде, ауылдық жерлерде медициналық обьектілерді жаңартып және сол мекемелерде біз халыққа сапалы, уақытылы қызмет көрсетеміз деген сенімдеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы