Халық Кеңесінің өкілдері Петропавл халқымен жүздесті
Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері Петропавл қаласында бірнеше жиын өткізді. Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды.
Алдымен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті. Жиында қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту, халық бірлігін сақтау мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлерді тексеруге енгізілген мораторий, әкімшілік кедергілерді азайту, ең төменгі жалақыны арттыру және әлеуметтік нысандар құрылысын дамыту жайы сөз болды.
Жангелді Тәжин, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы:
Алдағы жылдың жалпыхалықтық құрылыс болатындығын, инфраструктураның өзгеріп, үлкен жобалар жасалып жатқаны көңіл қуантады.
Ал облыстық кітапханада өткен кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Оған білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс салаларының және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Басқосуда халықты әлеуметтік қолдау, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері көтерілді. Қатысушылар ел дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыруда қоғаммен тұрақты байланыс орнатып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескерудің маңыздылығын атап өтті.
Ақнұр Тұрдалиева, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі:
Жергілікті мәселелерді білетін, саралайтын, көтеретін және де шешуге ұмтылыс жасайтын дәл осы белсенділер. Қазақстан Халық кеңесі – ол осы мәселелерді мемлекеттік, конституциялық тұрғыдан көтеруге болатын үлкен алаң, сондықтан да біз жергілікті мәселелерді естіп, ертең қалайша бұл жобаларды басқа өңірлерге таратуға болатынын қарастырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы