Жолдаудағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесі Құрылтайда талқыланды
Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі артып келеді. Бүгінде жалпы ішкі өнімнің 40 пайызын қалыптастырса, негізгі капиталға салынған инвестицияның 70 пайызға жуығы осы сектордың еншісінде. Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту және оның әлеуетін арттыру мәселесін Құрылтай депутаттары талқылады. Басты мақсат – отандық өндірісті ұлғайту, бизнесті әртараптандыру және кәсіпкерлерді жаңа бағыттарды игеруге ынталандыру. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық өнімдерге басымдық беру мәселесі көтерілді. Жолдауда бизнесті цифрландыру мен әкімшілік кедергілерді азайту міндетіне де ерекше мән берілген. Депутаттар келер жылы енгізілетін мораторийдің кәсіпкерлікке ықпалын, ықтимал тәуекелдері мен салдарын саралауға кірісті.
Нұрлан Толыбаев, Құрылтай депутаты:
Мүлдем мемлекеттің бақылауын алып тастау ол дұрыс емес. Әсіресе өрт жағынан. Әсіресе азық-түлік қауіпсіздігі жағынан. Ол жағынан мемлекеттің бақылауы ерекше керек. Бірақ біз білеміз үш жылдық мораторий ертең басталса үш жылдан кейін бітеді. Үш жыл деген не ол? Өтеді де кететін уақыт қой. Сондықтан жоспардан тыс тексерулерді азайту, әкімшілік кедергілерді мүлде жою, тоқтатуымызды ойлануымыз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы