Басты Жаңалықтар Жаңа Азаматтық кодекс: Бизнеске қолайлы жағдай жасалуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: Бизнеске қолайлы жағдай жасалуы тиіс

Қазіргі экономикалық және технологиялық процестерге сай құжат болуы тиіс. Заңгер Дәурен Қалиев жаңа Азаматтық кодекс жайлы өз ұсынысын айтты. Оның айтуынша, қодданыстағы заңдарды заманға сай жаңартып, кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау керек. Бұл тұста кәсіп иелеріне қойылатын артық шектеулерді азайту аса маңызды. Бұдан бөлек, заңгер әр адамның мүлкі заңмен қатаң қорғалуына,  маркетплейстердегі сауда мәселелері жаңа Азаматтық кодексте өз шешімін табуы тиіс дейді.

Дәурен Қалиев, заңгер:

Электронды келісімдердің нақты жүзеге асуы, екі тараптың құқығын қорғалуы көрсетілген қызметпен сатып алынған тауарға уақытылы ақшасын төлеу немесе сапасыз тауар алған күнде екі тараптың дауын реттейтін нақты инструменттер болу керек деп есептеймін. Бүгінгі таңда мебель жасайтын салада, пәтер жөндейтін салада алаяқтық, сапасыз қызмет көбейіп кетті. Сондықтан заман талабына сай,азаматтық кодекстке осы бағыттарды реттейтін нақты нормалар ену керек деп санаймын.

Бөлісу