Үш қалаға 700 мыңнан аса адам көшкен
«Көші-қон үрдісін дұрыс басқаруымыз керек». Бүгін елордада бас қосқан сарапшылар кейінгі 5 жылда Астана, Алматы мен Шымкент қаласына 700 мыңнан астам адам қоныс аударғанын айтты. Ал статистика бойынша, Семей халқы осы уақыт аралығында 7 пайызға азайған. Бұл урбанизация үрдісінің жедел бірақ әр өңірде әркелкі екенін дәлелдейді, дейді мамандар. Сондықтан олар, мемлекет басшысының жолдауда айтқан «Қуатты қала» тұжырымын негізге алып, облыс орталықтарында жаңа әрі жалақысы жоғары жұмыс орындарын ашуға, білім беретін орталықтар салуға әрі инвестор тартуға көп көңіл бөлу керек деп санайды.
Шынар Төлешова, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі орталығы бөлімінің басшысы:
Бүкіл халықтың 25 пайыздан астамы осы үш қалада тұрады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бұл процесс әрі қарай жалғасып келеді. Енді біз айтатын мәселе өңірлер не істейді өңірлердің ауылдық жерлері не істейді деген мәселе жеке-жеке мәселелерді қарастыратын болсақ, соның ішінде жаңағы айтқандай жұмыспен қамту жақсы деңгейде жүретін болса, бұл жерлерге үлкен көшті күтуге болады.
Рүстем Айткәрім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы