Басты Жаңалықтар Каспийдегі оқиғаға қатысты 8 лауазымды тұлға қамауға алынды

Каспийдегі оқиғаға қатысты 8 лауазымды тұлға қамауға алынды

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындысын жариялады. Ведомствоға қарасты 104 нысан тексеріліп, бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша аудит жалғасуда. Қазір құқық қорғау органдары 37 қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ал Каспийдегі әскерилердің қазасына қатысты 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан аса сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, қызметіне салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен 8 лауазымды тұлға қамауға алынған. Олардың қатарында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, әскери бөлімдердің командирлері және катер капитаны бар. Ішкі істер министрлігі тергеуді жалғастырып жатыр. Жақын арада қылмыстық процеске қатысушыларды іспен таныстыру жоспарланған. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

Бөлісу