Басты Жаңалықтар Тәжікстан Президенті ресми сапармен келді

Тәжікстан Президенті ресми сапармен келді

Иә бүгін елорда әуежайына мәртебелі меймандардың ұшақтары бірінен соң бірі қонып жатыр. Жаңа ғана Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді. Мәртебелі мейманды әуежайдан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Үш күндік сапар аясында тараптар стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту жолдарын талқылайды деп жоспарланған. Келіссөздерде сауда-экономикалық ынтымақтастыққа да назар аударылмақ. Тәжікстан еліміздің Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі. Қазір екі елдің тауар айналымы миллиард доллардан асады.

Бөлісу