Басты Жаңалықтар Павлодарда Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды

Павлодарда Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды

Павлодардағы «Қазақстан Алюминийі» зауытында алты мың адам жұмыс істейді. Жылына 260 мың тонна ақ қалайы шығарылады. Құрылтай депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері және салалық министрліктердің өкілдері бүгін өндіріс ошағына барып,  Жолдауда көтерілген экономикалық және қоғамдық бастамаларды талқылады.  Кездесуге қатысушыларға «Халықтық құрылыс»,  цифрлық экономика, инвестиция тарту, бизнеске қолайлы жағдай жасау, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты азайту секілді Жолдаудың  негізгі бағыттары түсіндірілді.

Жарқынбек Амантай, Құрылтай депутаты:

Жолдаудың барысында біздің энергетикалық тәуелсіздікке жету, біздің мына қарапайым жұмысшыларға қатысты тұстары, халықтық құрылысқа қатысты қызығушылықтары өте зор. Инфрақұрылымның жаңаруына әсіресе. Ірі кәсіпорындардың ашылып отырған уақытында мына энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту өте маңызды.

Мемлекет дамуының жаңа кезеңінде отандық өндірісті өркендету ерекше маңызға ие дейді депутат Илья Теренченко. Жұмысшы жастар бұл кезеңнің жауапкершілігін жақсы түсінеді және соған атсалысуға құлықты. Себебі халықтық құрылыстан бастап экология, ғылым мен білім, заманауи технологияны дамыту жұмыстарының бәрінде жас буынның біліктілігіне, еңбекқорлығына екпін беріледі

Нұрсұлтан Бейсенбаев, «Қазақстан алюминиі» зауытының қызметкері:

Әрбір ҚР тұрғынының жағдайы өсуі керек деген, яғни, маңызды ой бар. Мен өзім осы өндірісте жұмыс жасай отырып, бұл сөздерді тікелей қабылдаймын. Себебі, біздің өндіріс экономикаға өзінің үлесін қосып қана қоймай, онда жұмыс істейтін мыңдаған адамның әлеуметтік жағдайын жақсартуға өзінің үлесін қосып отыр.

Бөлісу