Басты Жаңалықтар Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық

Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық

Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық

2026 жылы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге берілмеді. Себебі ұсынылған шығармалардың ешқайсысы Комиссия мүшелерінің басым дауысын жинай алмаған. Бұл туралы Вице-президент Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық. Атақты біреуге ұнау немесе жағу үшін, ренжіп қалмасын деген себеппен беретін болсақ, өнер одан дамымайды, бұл атақтың мәртебесі артпайды», – деп жазды Ерлан Қарин.

Сондай-ақ Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру тәртібін қайта қарау ұсынылды. Ерлан Қариннің пікірінше, сыйлықтың талаптары мен ережелерін ғана емес, оның мазмұнын да өзгерту қажет. Үміткердің мерейтойы, қаржылық жағдайы немесе жеке басына қатысты басқа да себептер марапаттауға негіз болмауы тиіс.

Айта кетейік, 2000 жылдардан бері бұл сыйлық 60-қа жуық адамға берілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен сыйлық иегерлеріне төленетін ақшалай марапат көлемі де ұлғайтылған.

Бөлісу