Басты Жаңалықтар Каппадокияда үстіне тас құлаған үш адам көз жұмды

Каппадокияда үстіне тас құлаған үш адам көз жұмды

Түркияның әлемге әйгілі туристік орталықтарының бірі Каппадокияда қайғылы жағдай болды. Жартасқа қашалған тарихи үйлердің бірі опырылып, бірнеше адамды басып қалған. Тастың астында қалған үш адам оқиға орнында көз жұмса, түрлі жарақат алған бес адам ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдай болған Невшехир губернаторының айтуынша, қайтыс болғандардың екеуі ерлі-зайыпты түркиялықтар, ал біреуі Франция азаматы. Жарақат алғандардың ішінде аяғы сынған бір адам ғана ауруханада жатыр, қалғандары жеңіл жараланған. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Мамандар бұл апат өңірде бірнеше күннен бері тоқтамай жауып тұрған жаңбырдың кесірінен болған деген болжам жасап отыр.

Бөлісу