Басты Жаңалықтар Жаһандық рейтингтердегі Қазақстан: Жетістіктер мен мүмкіндіктер

Жаһандық рейтингтердегі Қазақстан: Жетістіктер мен мүмкіндіктер

Соңғы жылдары еліміздің халықаралық рейтингтегі көрсеткіштері сан түрлі бағытта өзгеріп келеді. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының дерегінше, биыл еліміз жаһандық инновациялар индексінде 73-орынға көтерілді. Ал адам дамуы индексінде 60-орында. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, технологиялық даму салаларындағы жетістіктерге орай бағаланады.  Саясаттанушылардың пікірінше, жаһандық рейтингтер елдің цифрлық даму деңгейін, инвестициялық тартымдылығын және экономикалық әлеуетін бағамдауға мүмкіндік береді. Еліміздің электрондық қызмет көрсету, инвестиция тарту және транзиттік инфрақұрылымды дамыту бағыттарында көрсеткіштері жақсарып келеді. Ал цифрлық технологияларды енгізу, заң үстемдігін қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту және логистикалық мүмкіндіктерді кеңейту бағытындағы нәтиежелер елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Сарапшылар: «Басты мақсат - рейтингтерде жоғары орынға ұмтылу емес, ішкі реформаларды тиімді жүзеге асырып, олардың нәтижесін халықтың өмір сапасын жақсартуға бағыттау маңызды. Ал бұл өз кезегінде елдің халықаралық аренадағы орнын нығайтуға ықпал етеді», - деп отыр.

Нұрболат Нышанбаев, саясаттанушы:

Қазақстанның халықаралық рейтингтерде, әсіресе инвестиция бойынша, адам капиталы бойынша жоғары деңгейде тұруы - ол әрбір адамның өмірінде қосымша әлеуметтік маңызы бар салалардың салынуы, медициналық мекемелер мен білім беру орындарының салынуы, оқушылардың сапалы білім беру инфрақұрылыммен қалыптасуы. Бұл ұзақ мерзімді алғанда бұл халықаралық рейтингтерде де осының нәтижесі.

Жомарт Сімтіков, саясаттанушы:

Қазақстан Республикасының цифрлық технологияда дамуы бар екендігін көрсетеді. Бірақ бұл даму онымен де шектеліп қалуға болмайды. Өйткені, бәсекеге қабілетті болу үшін әлемдік аренада бәсекелестірілуі жоғары. Және сонымен қатар, цифрлық технология өте жылдамдықты, оперативті талап етеді. Сондықтан бұл мәселеде де біз үлкен жұмыс жасауымыз керек.

Бөлісу