Басты Жаңалықтар Қазақстан тағы 4 елде QR-код арқылы төлем жасау мүмкіндігін енгізбек

Қазақстан тағы 4 елде QR-код арқылы төлем жасау мүмкіндігін енгізбек

Қазақстандықтар енді Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінде де QR-код арқылы төлем жасауы мүмкін. Ұлттық банкі аталған мемлекеттердің орталық банктерімен бірлесіп, төлем жүйелерін интеграциялау тетігін пысықтап жатыр. Өткен аптада Тәжікстанда төлем жүйелерін дамыту мәселелері бойынша 5 елдің ұлттық банктері өкілдерінің төртінші өңірлік кездесуі өтті. Онда тек сауда жасап қана қоймай, бұл елдердің азаматтары арасында нақты уақыт режимінде бір-біріне ақша аудару мүмкіндігі де қарастырылды. Бастама әзірге талқыланып жатыр.

Бөлісу