Басты Жаңалықтар Әдеп нормаларын сақтау – халықтың мәдени деңгейін жоғарылатады

Әдеп нормаларын сақтау – халықтың мәдени деңгейін жоғарылатады

Өркениетті мемлекет құру халықтың мәдениетінен басталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындағы өзін-өзі ұстау мәдениеті мен әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті.

Қоғамдық орында телефонмен айғайлап сөйлесу, кезекке тұрмау немесе айналаға селқос қарау - мұның бәрі ұсақ-түйек көрінгенімен, ішкі мәдениеттің деңгейін көрсетеді. Озық, заманауи елдің азаматтары ең алдымен қоғамда, әсіресе, жұмыс орнында өздерін орынды ұстай білуі қажет,  деді Президент.

Дильназ Сексенова, тарих мұғалімі:

Үлкенді құрметтеу, айналаны таза ұстау, үлкендерге жол беру, сонымен қоса тағы басқа ішкі ережелерді алсақ, оның бәрі қоғамдағы маңызды тәртіп. Сол себепті біз мәдениетті қалыптастыруды өзімізден бастауымыз керек. Ол адамдардың қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауынан, мәдениетті түрде сөйлеуінен басталады.

Бөлісу