Жол құрылысында цифрлық технологиялар қолданылады
Елімізде кейінгі жеті жылда 36 мың километр ескі жол сүрілді. Тек биыл жалпы ұзындығы 11 мың километрден астамы жаңартылып жатыр. Бастысы сан емес, сапа. Президент Жолдауда республикалық және жергілікті жолдарды жөндеуді қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ саланы түбегейлі цифрлық жүйеге көшіруді жүктегені белгілі. Бүгін Құрылтай депутаттары осы міндеттерді іске асыру жайын талқылады. Ұлытау, Абай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облысында құрылысы аяқталмаған трассаларды ретке келтіру үшін соңғы үлгідегі заманауи технологияларды кәдеге жарату керек. Көлік министрлігі мұны назарға алуы тиіс, дейді депутаттар.
Замир Сағынов, ҚР Құрылтайының депутаты:
Мемлекет басшысы нақты тапсырма беріп отыр. Бұрын 25 шақырым жолды Көлік министрлігі қадағалады. Қалған 75 мың шақырым жол әкімшілігінде болды. Енді бәрін Көлік министрлігі өз бақылауына алуы керек. Осы бағытта жұмыстарды жалғастыруымыз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы