Басты Жаңалықтар Жастар ЖИ болашағын талқылады

Жастар ЖИ болашағын талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің цифрлық болашағын қалыптастыруда жас буынның әлеуетіне ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құру міндетін қойды. Осы бастамалар бүгін жоғары оқу орнының қабырғасында да сарапшылар мен студенттердің талқысына түсті. Басқосуда цифрлық экономика, жасанды интеллект, білім беру және еңбек нарығының болашағы сөз болды. Сарапшылар жастарға жаңа технологияларды меңгеріп, кәсіби дағдыларын үнемі жетілдірудің маңызын атап өтті.

Найла Мұхтарова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

Қазіргі жастар тек қана саясатты тыңдап, тек қана дауыс беру мәселелерімен шектелгісі келмейді. Олар сол өздері нарықтық эконмикада, саяси реформалар барысында өте белсенді атсалысқысы келеді және атсалысуда,  үні естілсе дейді. Сондықтан біз осындай алаңдарды өте маңызды деп ойлаймыз.  

Бөлісу