Басты Жаңалықтар Испаниядағы пойыз апаты: Тұрғындар ауруханадағыларға қан тапсырып жатыр

Испаниядағы пойыз апаты: Тұрғындар ауруханадағыларға қан тапсырып жатыр

Испания астанасы Мадрид тұрғындары ұзынсонар кезекке тұрып, теміржол апатынан ауруханаға түскендерге қан тапсырып жатыр. Қазанның 28-де екі жүрдек пойыз бір-бірімен соғылып, 69 жолаушы қаза тапты. Тағы 50 жолаушы ауруханада жатыр. Олардың кейбірінің жағдайы өте ауыр.

Қайғылы жағдайдан соң бүкіл елде үш күнге қаралы күн жарияланды.

Айта кетсек, бұл – Испанияда биыл болған екінші пойыз апаты. Қаңтарда дәл осындай апаттан 46 адам мерт болған еді.

Бөлісу