Басты Жаңалықтар Салық заңнамасына өзгерістер енгізіледі

Салық заңнамасына өзгерістер енгізіледі

Бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін Салық кодексіне түзетулер қажет екенін тәжірбие көрсетті. Құжаттың негізгі бағытын өзгертпей, кәсіпкерлердің ұсыныстары мен заң нормаларын ескере отырып, бірқатар өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Президент Жолдауда бизнеске қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді азайту және мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіру мәселелеріне назар аударды. Сарапшылардың пікірінше, салық жүйесі кәсіпкерлік белсенділікті тежемей, керісінше, экономиканың дамуына ықпал етуі тиіс.

Жанар Жігітекова , ҚР Әділет министрлігі заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры:

Ең алдымен, салық заңнамасы қарапайым азаматқа да, кәсіпкерге де түсінікті болуы тиіс. Мемлекет басшысы да заңдарымыздың тым күрделі жазылатынына назар аударды. Сондықтан салық саласындағы талаптарды жеңілдетіп, екіұшты түсіндірілетін нормаларды нақтылау маңызды. Кәсіпкер қандай салықты, қашан және қанша мөлшерде төлеуі керектігін анық білуі қажет. Ал мемлекет үшін салықты есептеу мен бақылаудың нақты тетіктері белгіленуі тиіс.

Бөлісу