Басты Жаңалықтар Анкарада Түркі әлемі аллеясы ашылды

Анкарада Түркі әлемі аллеясы ашылды

Анкарада Түркі әлемі аллеясы ашылды. «Бештепе» саябағындағы салтанатты рәсімге Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары қатысты. Мұнда алты елдің ұлттық павильоны орналасқан. Әрқайсысы бауырлас халықтардың мәдениеті мен рухани мұрасын таныстырады.

Қазақстан павильоны қазақтың киіз үйі үлгісінде жасалған. Оның безендірілуінде ежелгі түркі өркениеті мен сақтар мұрасы, халқымыздың табиғатпен етене өмір салты көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларына дәстүрлі саятшылық өнерді бейнелейтін «Сақ аңшысы» мүсіндік композициясы мен көне түркі жазуының мұрасы — Орхон ескерткіштері көрсетілді.

Сондай-ақ президенттер әр мемлекет өнерпаздарының концертін тамашалады. «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркияның Президенттік симфониялық оркестрі Ұйымға мүше елдердің таңдаулы туындыларын орындады. Салтанатты кеште Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген де өнер көрсетті.

Бөлісу