Қазақстан онлайн қызметтер бойынша әлемдік үздік ондықта
Қазақстан онлайн мемлекеттік қызметтердің даму деңгейі бойынша әлемдегі үздік 10 елдің қатарында. БҰҰ-ның 2024 жылғы электрондық үкіметті дамыту рейтингіне сәйкес, еліміз 24-орынға ие болып, ТМД және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр.
Айнұр Юсупова, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің комитет төрағасы:
Біз онлайн қызметтер бойынша әлемде 190 елдің ішінде ондыққа ілігеміз, ал ТМД елдері бойынша алғашқы орындарды иеленеміз. Себебі 90% азаматтар үйлерінен шықпай осы қызметтерді ала алады. Бұл дегеніміз жыл сайын 250 миллионнан астам қызметті азаматтар үйінде отырып алып отыр. eGov GPT осы тамыз айынан бастап іске қосылды.
Биылғы жыл Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осының аясында цифрлық сервистер бүкіл ел аумағында кеңінен қолданылып келеді. Мұны жасанды интеллект технологиялары одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр. Ресми ақпаратқа сәйкес, e-Otinish жүйесінде жасанды интеллект көмегімен 3,2 миллионнан астам өтініш өңделген. Ал eGov Mobile қосымшасын ай сайын 7,5 миллион адам пайдаланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы