Жасанды интеллект ғалымның көмекшісіне айналады
Жасанды интеллект ғылыми зерттеулердің ажырамас бөлігіне айналмақ. Қазақстандық ғалымдар Қытай академиктерімен бірлесіп, жаңа технологияларды ғылымға енгізу бағытындағы жұмысты бастап кетті. Бұл мәселе бүгін Алматыда өткен ТМД елдері ғалымдарының VI форумында талқыланды.Қазақстанда алғаш рет өткен халықаралық жиынға сегіз елдің ғалымдары қатысты. Жиында жасанды интеллектіні медицинада, ауыл шаруашылығында және су ресурстарын басқаруда қолдану мәселелері қаралды. Атап айтқанда, DeepBAS платформасын 2027 жылдан бастап еліміздің үш ірі су бассейнінде сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Форум ертең қорытындыланады. Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, жасанды интеллект ғалымдарға қажетті деректерді талдауға және зерттеулерді жеделдетуге көмектеседі.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:
Бұл парадигма біздің әрбір ғылымда, ғалымның өзінде жасанды интеллект көмекшісі болады, кеңесшісі болады. Сол кеңесші арқылы бұл істі әрбір ғалым мәлімет алып отырады. Бұл өте маңызды. Сол форматқа келеміз. Бұл жұмысты Қытайдың академиктерімен бастап кеттік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы