Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтеріледі
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2031 жылға қарай 553,4 миллиард долларға жетуі мүмкін. Бұл - Халықаралық валюта қорының қазан айындағы World Economic Outlook шолуында жарияланған болжам. Құжатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, экономика көлемі бойынша Қазақстан әлемде 47-орынға көтерілуі мүмкін екенін атап өтті. Биыл ел экономикасының нақты өсімі 4,4 пайыз шамасында болады деген болжам бар. Ал жан басына шаққандағы номиналды ЖІӨ 19 мың доллардан асып, 2031 жылға қарай 25,5 мың долларға дейін өсуі ықтимал. Сонымен қатар Халықаралық валюта қоры инфляция қарқыны біртіндеп баяулайды деп бағалап отыр. Егер 2026 жылы оның орташа деңгейі 10,3 пайыз болса, 2031 жылға қарай 5 пайызға дейін төмендеуі мүмкін.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан онлайн қызметтер бойынша әлемдік үздік ондықта
29.10.2026, 20:30
Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік
29.10.2026, 20:26
Отандық «Ерекше» фильмі үш халықаралық жүлдеге ие болды
29.10.2026, 20:24
Жасанды интеллект ғалымның көмекшісіне айналады
29.10.2026, 20:21
3 қарашада «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
29.10.2026, 20:20
Абай облысында құрылыс қарқын алды
29.10.2026, 20:19
Өскеменде жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын
29.10.2026, 20:18
«Bir Tolqynda»: Жастар Президент Жолдауын талқылады
29.10.2026, 20:11