Басты Жаңалықтар Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік

Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік

Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік. Бұл жолы «Отбасы банк» қаладағы «Жас Қанат» тұрғын үй кешеніндегі 105 пәтерді жеңілдетілген ипотекамен рәсімдеуге рұқсат беріп отыр. Өтінімді бүгіннен бастап беруге болады. Ал нақты кімдердің, қандай шартпен қатыса алатынын әріптесім Әйгерім Ердәулет түсіндіріп берсін.

Әйгерім Ердәулет, тілші:

Иә, жеңілдетілген ипотека бойынша азаматтар өтінімді бүгіннен бастап, 9 қарашаға дейін бере алады. Несие жылдық 2 немесе 5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Ол үшін салымшының жинақ шотында бастапқы жарнаның кемінде 10 пайызы болуы шарт. Баспананың бір шаршы метрінің құны - 272 000 теңге. Бастысы бұл пәтерлер тек үй кезегінде тұрғандарға беріледі. Ескеретін жайт, пәтерлерді бөлуде әлеуметтік осал топтарға басымдық беріледі. Мәселен, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар және басқа да жеңілдік санатындағы азаматтар тізімнің басында тұрады.

Сонымен, өтінімді Otbasybank.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы беру қажет. Өтініш толтырғанда 10473 нысан кодын көрсетуді ұмытпаңыз. Іріктеу нәтижесі 10 қарашада белгілі болады. Ал кезекке тұрған күндері бірдей азаматтар конкурсқа түскен жағдайда сайт арқылы өтінім берген уақыты ескеріледі.

Бөлісу