«Bir Tolqynda»: Жастар Президент Жолдауын талқылады
«Әділет» партиясының Жастар қанаты Президент Жолдауында айтылған басымдықтарды талқылады. Еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласының жастары «Bir Tolqynda» ашық диалог алаңдарын да бас қосып, пікірлерін ортаға салды. Жастар, сарапшылар мен қоғам өкілдері цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелеріне кеңірек тоқталды. Сондай-ақ патриотизмді нығайту, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық келісімді дамытуға назар аударды.
Айдар Күнтубай, «Әділет» партиясы Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы:
Бұл Жолдауда қазіргі таңда еліміздің түрлі түйіткіл мәселелеріне қатысты сұрақтардың барлығы көтеріліп жатыр. Оның ішінде жастар мәселесі де бар. Енді алдағы уақытта осы Жолдаудың орындалу барысында жастармен бірге жұмыс атқарамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы