Басты Жаңалықтар Испанияда екі пойыз соқытығысып, кемінде 30 адам қаза тапты

Испанияда екі пойыз соқытығысып, кемінде 30 адам қаза тапты

Бүгін Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, кемінде 30 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға ел астанасынан оңтүстікке қарай 40 шақырым жердегі Толедо провинциясының Урда қаласының маңында болды. Апаттан кейін Мадрид, Сьюдад-Реал және Андалусия арасында теміржол қатынасы тоқтатылды. Пойыздардың бірінде 397, екіншісінде 147 адам болған. Олардың соқтығысу себебі қазір тергеліп жатыр.

Премьер-министр Педро Санчес мәлімдеме жасап, трагедияны естіп, төбеден жай түскендей күй кешкенін жазды.

Айта кетсек, Испанияда соңғы рет пойыз апаты биыл қаңтар айында болып, 45 адам жан тәсілім еткені белгілі.

Бөлісу