Ел жаңалықтарына шолу
ЖОО түлектеріне мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдейді
Енді жоғары оқу орнының түлектеріне мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдейді. Сондай-ақ бүгін докторантура мен магистратураға өтініш қабылдау басталды. Осы және өзге де жаңалықтар келесі топтамада.
Жоғары оқу орнының түлектеріне мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдейді. eQyzmet.gov.kz порталында арнайы «Түлек» бөлімі ашылды. Онда мемлекеттік органдардағы бос жұмыс орындары жарияланады. Демек арнайы бөлім арқылы түлектер бос лауазымдармен танысып, үміткерлерге қойылатын талаптарды біле алады.
Бүгін докторантура мен магистратураға өтініш қабылдау басталды
Бүгін докторантура мен магистратураға өтініш қабылдау басталды. Өтінішті 10 қарашаға дейін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы беруге болады. Докторантураға түсушілер алдын ала таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құжаттарын тапсырып, мемлекеттік және шет тілдерін меңгергенін растайтын сертификаттарды ұсынуы қажет.
Банан фермасы туристік орынға айналды
Шымкент маңындағы банан фермасы туристік орынға айналды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді. Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты фермада 7 мыңнан астам банан ағашы өсіріледі. Шымкенттен 25 шақырым жерде орналасқан шаруашылық туристерге экскурсия ұсынып, агротуризмді дамытуға үлес қосып келеді.
Боксшыларымыз U19 Әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды
Он тоғыз жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында жүлде қорымен Қазақстан жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады. Жарыс Черногорияның Будва қаласында өтті. Ұлттық құрама сегіз медаль жеңіп алды. Оның біреуі алтын, үшеуі күміс және төрттеуі қола. Жалғыз алтынды 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Зарина Толыбай әкелді. Ол финалдық жекпе-жекте Ресейлік спортшыны жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы