Алматыда үздік ұстаздар автокөлік мінді
Алматыда екі жас мұғалім су жаңа автокөлік ұтып алды. Олар академик Асқар Жұмаділдаевтың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған қалалық олимпиадада топ жарды.
Білім бәйгесіне қаланың 75-тен астам мектебінен 115 педагог қатысқан. Математика пәнінің мұғалімі Еркегүл Шынарбек 38 ұпай жинап, жеңімпаз атанса, физика пәнінен Айсана Советхан 16,5 ұпаймен үздік деп танылды. Екі ұстазға да демеушілер Changan автокөлігін сыйға тартты. Гран-приден бөлек, бес мұғалім І орын, 12 педагог ІІ орын, 26 қатысушы ІІІ орын иеленді. Оларға да бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұл доданың негізігі мақсаты - жас педагогтердің кәсіби шеберлігін дәріптеу әрі ұстаз мәртебесін көтеру.
Еркегүл Шынарбек, №208 мектеп-гимназияның мұғалімі:
Алғашында қатты толқыдым, сенбедім. Өйткені мамандандырылған лицейлердің мұғалімдері бар. Сондықтан мен енді өзім жеңемін деп қатты үміттенген жоқпын. Өйткені біз мұнда жеңіс үшін ғана емес, сыйлық үшін ғана емес, көбінесе өзімізді тұрақты түрде дамыту үшін, сынап көру үшін қатысамыз олимпиадаларға. Сондықтан күтпеген өте тосынсый болды. Нәтижені көрген кезде өте қатты толқыдым.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы