Басты Жаңалықтар Қайтарылған активтер есебінен салынған нысан жұмысын бастады

Қайтарылған активтер есебінен салынған нысан жұмысын бастады

Семейде қайтарылған активтер есебінен салынған Оқушылар сарайы жұмыс істей бастады. Жобаға 11 миллиард теңге бөлінген. Аумағы 9 мың 800 шаршы метр болатын үш қабатты ғимарат бір мезгілде 500 баланы қабылдай алады. Ал ауысыммен 1500 оқушыға дейін қосымша білім беруге мүмкіндік бар. Мұнда балалар тек сабақтан тыс уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, ғылым мен технологияның қыр-сырын меңгереді. Оқушылар сарайында робототехника, бағдарламалау, авиамодельдеу, 3D-модельдеу, нейроробототехника зертханалары жұмыс істейді. Сондай-ақ шығармашылық студиялар, дыбыс жазу кабинеті, спорт залдары мен екі бассейн бар. Қазір мекеме түрлі үйірмелерге қабылдау жүргізе бастады.

Қанат Шапатов, оқушылар сарайының директоры:

Үйірмелерінің бағыттары спорттық, ғылыми-эстетикалық. Музыкалық, робототехника бағыттары. 92-жылы балалар мен жастар шығармашылық сарайы салынған. Одан бері қосымша білім беретін мекемелердің біріншісі. Балалар өте көп жазылып жатыр. Ата-аналар келіп жазылып жатыр. Негізі 7 жастан қабылдаймыз. Сенсорлық орталық бар. Ол ерекше балаларға арнайы.  

Бөлісу