Білім берудің заманауи үрдісі
Елімізде білім беру бағдарламасы цифрлық технологиямен ұштасып келеді. Бүгінде мектеп қабырғасында робототехника, жасанды интеллект қосымша сабақ ретінде оқытылып, балалар білім көкжиегін кеңейтіп жатыр.
Бұл заман үдерісі. Сондықтан, білім ошақтары осы талапқа сай сыныптарды жабдықтап, ұстаздар арнайы жасанды интелект курстарынан өтті. Бірақ, цифрлық технология мұғалімді ауыстыра алмайды. Ол оқушылардың білімін жетілдіруге көмекші құрал ретінде қолданылады. Аймақ педагогтері осы бағытта жаңашылдықтарды меңгеріп, біліктілігін арттырып жатыр.
Нұргүл Қожагелдиева, №6 орта мектеп директорының орынбасары:
Қазіргі кезде білім саласы ЖИ пен озық технологиялардың тоғысқан тұсы. Біз оқушы бойына заманаи цифрлық мәдениет пен ЖИ дұрыс қолдану қабілетін қалыптастырамыз. Сонымен қатар, Адал азамат тұжырымдамасы оқушының ішкі мәдениетін қалыптастырып, бойына құқықтық жауапкершілік береді
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы