7 жылда 800 мыңнан аса көлік шығарылды
Қазақстанда автокөлік өндірісінің көлемі артып келеді. Соңғы жеті жылда елімізде 800 мыңнан аса көлік құрастырылған. Бүгінде алты өңірде жеңіл және жүк автомобильдерін шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл салада 11 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өндірістің кеңеюі білікті техникалық мамандарға деген сұранысты да арттырды. Осыған байланысты жоғары оқу орындары заманауи технологияларды меңгерген инженерлер даярлауға басымдық беріп отыр. Әсіресе роботтандыру, жасанды интеллект және автоматтандырылған басқару жүйелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар отандық автомобиль өнеркәсібінің технологиялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Мұрат Мұздыбаев, Халықаралық инженерия мектебінің профессоры:
Соңғы жылдары көлік саласында бірнеше зауыттар ашылды. Екіншіден, осы зауыттарға қажетті мамандарды университеттер дайындап жатыр. Заманауи технологиядарды қарастырады Әсіресе жасанды интеллект, содан кейін зертханалық жүйелер. Болашақта Қазақстанда барлық көлік автопилоттық жүйеде болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы