Басты Жаңалықтар Фандоматтар арқылы 5 миллионнан астам пластик бөтелке мен алюминий құты жиналды

Фандоматтар арқылы 5 миллионнан астам пластик бөтелке мен алюминий құты жиналды

Sparklo фандоматтары арқылы 5 миллионнан астам пластик бөтелке мен алюминий құты жиналды. Бұл бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында іске асты. Ел көлемінде қалдықтарды жинауға арналған 53 фандомат орнатылған. Әзірге Астана, Алматы , Көкшетау, Бурабай, Ақтау, Ақтөбе және Петропавл өңірлерінде бар. Бөтелке мен құтыларды өткізку мобильді қосымша арқылы іске асады, бүгінде оны пайдаланушылар саны 100 мыңнан асқан. Әр өткізілген бөтелке немесе құты үшін тұрғындарға 10 ұпай беріледі. Жиналған ұпайларды серіктестер ұсынатын жеңілдіктерге айырбастауға болады.

Татьяна Ашрафзянова Валерьевна, «Sparklo Kazakhstan» бас директоры:

Біздің Sparklo фандоматтарымыз – пластик бөтелкелер мен алюминий құтыларды қайта өңдеуге қабылдайтын ақылды құрылғылар. Оларды кез келген жастағы адам пайдалана алады. Ол үшін құрылғыға жақындап, бөтелке немесе құтыны өткізіп, телефон нөмірін енгізіп, қосымшаны жүктеу қажет. Осылайша бонус жинап, серіктестеріміздің жеңілдіктерін алуға болады.Қала тұрғындарының қызығушылығы жоғары. Бүгінде Астана қаласының өзінде 2 миллионға жуық бөтелке жиналды.

Бөлісу