Жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы оқырманға жол тартты
Алматыда жазушы, журналист Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы таныстырылды. Қоғам шетке қаққан екі тағдырды суреттейтін туынды композициясындағы маңызды заңдылық – кейіпкерлердің бір-бірінің жасырын мүмкіндігін ашуы. Қоспа Бүкірдің бойындағы жүйріктікті таныса, Бүкір Қоспаның ішкі сенімін оятады. Бірінің қоғамдық кеңістікте мойындалуы екіншісінің рухани түлеуіне жол ашады. Осы байланыс шығарманың сюжеттік қозғалысын қамтамасыз етіп, психологиялық дамудың өзегіне айналады. Романның басты ерекшелігі – адам мен жылқы тағдырын қатар өрбіткен психологиялық параллелизм. Екеуі де ортаның мазағы мен қатыгез үкіміне ұшырайды. Осы ұқсастықтар романдағы екі сюжеттік арнаны бір көркемдік жүйеге біріктіреді.Талқылау соңында автор - Есболат Айдабосын қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, романның жазылу барысы жайлы айтты.
Есболат Айдабосын, «Бүкір» романының авторы:
Анау аттың иесі, анау ат. Екеуі бірінің бағын бірі ашты. Екеуі де тағдырдың теперішін көрген тіршілік иелері. Қоғам олардан ешқандай үміт күтпеген тіршілік иелері. Екеуі қосылған кезде бірінің бағын бірі ашып, бірін-бірі сүйреп үлкен жетістіктерге, биіктерге жетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы