Басты Жаңалықтар МӘМС қорынан негізсіз бөлінген 2,5 миллион теңге мемлекетке қайтарылды

МӘМС қорынан негізсіз бөлінген 2,5 миллион теңге мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысының Степногорск қаласында балаларды емдеуге кәсіби рұқсаты жоқ тіс дәрігері кәмелетке толмаған 345 жасөспірімге медициналық қызмет көрсеткен.

Заңсыз қызмет «Viamedis» серіктестігінің клиникасында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған. Прокуратура бұл заң бұзушылықты анықтап, мемлекет қаржысын кері қайтарды.

Меруерт Байболова, облыс прокурорының көмекшісі:

Балаларға қажетті рұқсат құжаттарынсыз медициналық көмек көрсету олардың денсаулығына қауіп төндіріп, сапалы әрі білікті медициналық көмек алу құқықтарын бұзған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою және негізсіз төленген қаражатты қайтару шаралары қабылданып, нәтижесінде 2  жарым миллион теңге мемлекетке қайтарылды.

Бөлісу