Басты Жаңалықтар Геология саласына жаңа технологиялар енгізіледі

Геология саласына жаңа технологиялар енгізіледі

Еліміздің минералдық-шикізат қорын толықтыру үшін геологиялық барлау жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру қажет. Мемлекет басшысы бұл бағытта заманауи технологияларды кеңінен қолданудың маңызын атап өтті. Әсіресе, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды анықтау, зерттеу сапасын арттыру және білікті мамандар даярлау – саланың негізгі міндеттерінің бірі. Сәтбаев университетінде геология саласына қажетті зертханалық базаны жаңарту және болашақ мамандарды заманауи әдістерге бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әуелхан Ерғали, Сәтбаев университеті геология және мұнай-газ ісі институтының директоры:

Бүгінгі жолдауында Мемлекет басшысы тағы аса бір көңіл аударған мәселесі - бұл геология саласында болды. Минералдардың құрамын, құрылымын анықтайтын жаңа лабораториялар жасақталынып жатыр. Сонымен қосымша біздің оқу жоспарларымыз, яғни болашақ мамандарды жаңа технологияларды пайдалану арқылы іздеу, барлау жұмыстарын жүргізуге оқу жоспарларымыз жаңартылған.

Бөлісу